20.10.2020
saat

All Language

Тасаввуф

    Бұл кітапта тасаввуф хақындағы мәліметтер, оның мән-мағынасы мен ұғымы Құран-хадис ақиқаттары бойынша баяндалады. Сондай-ақ Аллаһ достарының тілдегі, ділдегі және діндегі ахуалдары да қоса қамтылады. Әсіресе құлшылық барысында шынайы ықылас танытуға кедергі болатын нәпсіні тізгіндеу жолдары мен тазарту түрлері ғибратты қиссалар арқылы баяндалады.
   Кітап рухани тәрбие жолында кәміл имандылық пен адамгершілік қасиеттерді жолдас етпек болған барша қауымға арналады.


Осман Нұри Топбаш

  

Түғырлы Отблсы

    Бұл шығармада адам баласының жаратылысында бар махаббат пен сүйіспеншілік қасиетіне сай көтерген шаңырағында қалай бақыт пен тыныштыққа кенеле алатынын баяндап, сол туралы тақырыптар қозғалған. Тақырыптар оқырман қауымның назарын тартатындай тартымды етіп ұсынылған әрі отбасы деген киелі ошаққа өте маңызды мәселелерді қамтиды.


Осман Нұри Топбаш

  

Адам Деген Жұмбақ Әлем

   Бұл еңбекте адамзат деген жұмбақты шешу бағытында Құран Кәрім, Хадис және Мәуләнә Жәләләддин Руми сынды даналардың өсиет сөздерінен мысалдар мен үзінділер келтірілген. Адамның ішкі жандүниесі мен сыртқы дүниесі хақындағы қамтыған тақырыптары және тілге тиек еткен мәселелер шын мәнінде өте назар аударарлық.


Осман Нұри Топбаш

  

Абылхаят Тамшылары

    Адам баласын, отбасылар мен қоғамды біліммен, парасаттылықпен тәрбиелеп адамгершілікке үйрететін жан - томдаған кітаптарды жамыла оқыған өзімшіл, нопсіқұмарлығының тұтқыны болған ғалымсымақтардың рухы емес, Құран Кәрім және Сүннетү Сәнийенің хикметтерімен өз көңілін тереңдетіп байытқан, сөйтіп адамзатқа мейірімділіктің, тыныштык, пен бақыттың Күні бола білген Мәуләнә сынды Хақ достарының рухтары.


Осман Нұри Топбаш

  

Бір Насихат, Мың Бір Ғибрат

    Бұл шығармада Хазіреті Пайғамбар мен қадірменді сахабалары өмір сүрген бақыт ғасырындағы имандылық пен адамгершілік үлгілер ұсынылып, «иман дәлелдеуді талап етеді, адамгершілік» және басқа да тақырыптарға тоқталып, мұсылман жанның шынайы иман иесі болуын көздеген. Құран мен Сүннеттен керемет мысалдар келтіре отырып, оқырман қауымның назарына ұсынылған.


Осман Нұри Топбаш

  

Өркениет Шыңындағы Жауһарлар - 1

    Қолдарыңыздағы бұл кітап үлкен екі томнан тұрады. Бірінші томында Жаратушы Раббымыздың адамзатқа тура жол көрсету үшін жіберген Пайғамбарлары мен олардың мұрагерлері болып табылатын, яғни Аллаһты шынайы түрде танитын данагөй құлдардың өз ғұмырларында атқарған ізгіліктері мен игі амалдары, сондай-ақ өшпес құнды естеліктері төңірегінде сөз қозғалды. Кітаптың авторы белгілі исламтанушы, ғалым Осман Нұри Топбаш мырза салиқалы пенделердің қазіргі күнімізде де ауадай қажет екендігін ескере келе, әрбір тақырыпты өте ғибратты оқиғалармен өрнектеген.
    Кітапта келтірілген деректер ізгілікті жанына жолдас етпекші болған әрбір мұсылманға таптырмас құнды да тағылымы мол мәлімет берері сөзсіз.
    Кітаптың тілі жеңіл һәм ұғынықты.


Осман Нұри Топбаш

  

Өркениет Шыңындағы Жауһарлар - 2

    Қолдарыңыздағы бұл кітап үлкен екі томнан тұрады. Жаратушы Раббымыздың адамзатқа тура жол көрсету үшін жіберген Пайғамбарлары мен олардың мұрагерлері болып табылатын, яғни Аллаһты шынайы түрде танитын данагөй құлдардың өз ғұмырларында атқарған ізгіліктері мен игі амалдары, сондай-ақ өшпес құнды естеліктері төңірегінде сөз қозғалды.
    Кітапта келтірілген деректер ізгілікті жанына жолдас етпекші болған әрбір мұсылманға таптырмас құнды да тағылымы мол мәлімет берері сөзсіз.
    Кітаптың тілі жеңіл һәм ұғынықты.


Осман Нұри Топбаш

  

Пайғамбар кәсібі - Рухани тәлім-тәрбие

    Бұл шығармада тәлімгерлер мен тәрбиешілерге қажет өте маңызды тақырыптарға тоқталған. Тәлім-тәрбиеге мұқтаж адам баласы мен оқушыларына тәлім-тәрбие беруді мақсат тұтқан тұлғаларға назар аударарлық жайттар, ерекше тұстар ұсынылған.
    Құран мен Сүннеттен керемет мысалдар келтіре отырып, тәлім-тәрбиеде көңіл бөлетін мәселелер алға тартылған.


Осман Нұри Топбаш

  

Хакка Арналған Жастьщ Шаң

   Бұл шығармада жастық шақтың Ислам дініндегі орнын Хазіреті Пайғамбар мен қадірменді сахабалардың бақыт ғасырындағы имандылық пен адамгершілік үлгілерінен үзінділер келтіріліп, екі дүние бақытына кенелгісі келген жастардың назарын аударатындай керемет баяндалған. Құран мен Сүннеттен керемет мысалдар келтіре отырып, оқырман қауымның назарына ұсынылған.


Осман Нұри Топбаш

  

  1. Page :
  2. |
  3. 1
  4. |
  5. 2
  6. |
  7. 3
  8. |
  9. 4
STATISTICS :    Total number of languages : 55    Total number of materials : 1.497    Total number of downloads : 1.576.401      ALL STATISTIC