Ораза Зекет Садақа
Бұл кітапшада Ислам шарттарының бірегейі ораза, зекет, садақа жайында жалпылама мәлімет берілді. Өйткені, аталмыш тақырыптар әрбір пендеге рухани құндылық һәм құлшылық саналады. Мұндағы қамтылған мағлұматтар қасиетті Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистері аясында қарастырылды. Кітапша Ислам шариғатына сай, оның ішінде Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзхабы бойынша әзірленді.