Хазіреті Мұхаммед Мұстафа - 1

    Жүз жиырма төрт мыңнан астам пайғамбарлардың бойындағы есепсіз иләһи сырлар көктемнің берекелі жауынындай нөсерлеп адамзаттың жан дүниесіне нәр берді. Бұл қасиетті пайғамбарлардың барлығы бүкіл әлемге мейірім етіп жіберілген Хазіреті Мұхаммед Мұстафаның (с.а.у.) дүниеге келіп нұрға бөлейтіндігін сүйіншілеген болатын.
   Міне, күллі пайғамбарлар мен адамзаттың асыл тәжі ретінде бүкіл әлемді нұрға бөлеген ол мәңгі асыл тұлғаның Меккедегі кезеңі ширктің батпағына батқан адамзаттың жан дүниесін таухид нұрымен арылтып, күпірліктің улы шарабына мас болған көңілдерді иман нәрімен сусындатып, нәпсіқұмарлық пен зұлымдықтың кесірінен құрдымға бет алғандарды руханияттың ақжолына бастаумен өтті.


Read In Other Languages

ALBANIAN
BASHKIR
BOSNIAN
CRIMEAN TATAR
GEORGIAN
KYRGYZ
LUGANDA
MONGOLIAN
SPANISH
SWAHILI
UYGHUR